Пациент
История пациента
Бұрын Жамбыл облысында ФГДС жасағанымда 15 минуттай созылды, содан қатты қорықтым. Осы жолы АВК клиникасындағы эндоскопист Абилов Қайрат Уалиевичке кіріп, нархозбен жасасақ қайтеді деп сұрадым. Ол маған нархозсыз-ақ көрейік, шамаң жетеді деді. Аузыма бір нәрсе сеуіп, шланганы салды — сенер-сенбесіңізді білмеймін, бір минут немесе одан да аз уақытта өте жылдам тексеріп, хилобактерияға да тексерді.
Понравилось
Мұндай жылдамдықпен тексеру тек өте білікті маманның қолынан келеді. Қайрат мырзаға үлкен рақметімді айтамын. Қорықпаңыздар, тексеріліңіздер, емделіңіздер. Білікті маман болса, тексерілу ешқандай қиын емес екенін білдім. 10/10 деген баға! Алла разы болсын! Еңбегіңіз еселене берсін!👍👍👍