Балам 1 жас 4 айда еді, вакцина алуға байланысты тексерілуге бардық. Оның алдында нейросонография жасатқанбыз. Баланың басында 1 айынан бастап су бар. Қай дәрігерге барсам да, бәрі «1 жасқа дейін су кетеді» дейтін. 1 жастан асқанда да су кетпеді. Тек невролог Перизат Амалбековна ғана бастағы суды 1 жасқа дейін емдеу керектігін айтты. Содан кейін ол ЗПРР, ЗРР-ге әкелетінін, қазірдің өзінде сөздік қорының аз екенін айтты. Вакцина алуға метоотвод берілді. Енді бұйырса, берілген назначение бойынша ем алып, қайта қаралуға барамыз.