Алғашқы қабылдауға барғанымда 6 мың төледік, бұл наурыз айында болды. Содан кейін құлағын да, мұрнын да аппаратпен қарап берді, оған 9 мың төледік. Кейін 5 жасар баламды апардым, онда жеңілдікпен 5 мың деп тұрды, құлағында серная пробка бар деп тазалап берді, мұрнын да тазалап берді. Біз аденойды деп ойлап апарғанбыз, осы қызметтердің бәріне 20900 тг төледім. Кейін врачка звондап, неге алғашқы қабылдауды админ 8 мың деп есептеді деп сұрадым, өйткені мұнда док кз 5 мың деп көрсетілген. Сосын админге айтайын, сайтта бұл дұрыс емес информация тұр деді. Содан кейін 3 мың тг қайтарып беретін болды.