Біз екеуміз онлайн сағат 2-ге жазылдық. 1:40-та барып, есік алдында күтіп тұрдық. Талон бойынша да, тірі кезекпен де біз екінші болып кіруіміз керек еді. 11 айлық балам кіші дәретке шыға алмаған соң, мен өз кезегімді бермей қойдым, себебі балам жылап, мазасызданып тұрған. Менен кейін келген бір әйел кеше жазылғам деп менімен ұрысып, кіремін деп тұрды. Ол әйел бастықтарға барып, дәрігерге шағым жасады, бастықтар дәрігерге қоңырау шалды. Содан ол әйел кезексіз кіріп кетті. Дәрігер маған бастықтар айтты деп, кішкентай 11 айлық баланы емес, анау әйелді қабылдады.