Пациент
Пациенттің әңгімесі
Бүгін таңертең 1 жасар ұлым ауырып қалды: іші өтіп, температурасы түспеді. Сайт арқылы кім бос болса, соған бірден жазылдым. 40 жылдық стажы бар деген дәрігерге бардым, бірақ ол менің баламды дұрыс қарамады. Диагнозын энтеровирус деп айтты, соңында менингит деп жедел жәрдем шақырып, шығарып салды. Кейін инфекциялық ауруханада дәл сол емді көшіріп берді. Артынан басқа педиатрдан онлайн консультация алып, мүлде басқа ем тағайындалды. Бұған дейін де осы Via Medical-ке бір педиатрға отзывқа қарап барғанбыз: ол кезде фарингит деп, кейін герпестік ангина болып шықты, температура 1 апта түспеді, ем дұрыс болмады.
Ұнамады
Сайттағы көптеген отзывтар жай ғана накрутка екеніне көзім жетті. 40 жылдық стажы бар деген дәрігер толық қарамады, сөзін мұрнынан айтып, қайталап сұрауыма тура келді. Мүмкін босанғаннан кейін құлағымда мәселе бар шығар. Сонша тәжірибесі бар адам нақты диагноз қоя алмағаны өкінішті. Приемға ақшаны босқа төледім, жедел жәрдемді өзім де шақырар едім ғой. Отзывқа сеніп бардым. Инфекциялық ауруханада да дәл сол емді көшіріп берді. Қазір жеке клиникаларға сенім жоқ. Тым қиын заман, маман табу жақсы, білікті маман табу өте қиын. Бұл клиникаға енді бармаймын.